«Q Telecom» АҚ ISO 9001 САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІН ЖӘНЕ ISO 27001 АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІН СЕРТИФИКАТТАУДАН СӘТТІ ӨТКЕНІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ

Бүгін, 18 ақпанда, біздің «Q Telecom» АҚ компаниясы ISO 9001:2015 және 27001:2013 стандарттарына сәйкес сапа менеджментінің интеграцияланған жүйесін (СМЖ) және ақпараттық қауіпсіздікті қолдануды растайтын көптен күткен сертификаттарға ие болды. Штаб-пәтері Германияда орналасқан халықаралық аудиторлық TÜV Rheinland Kazakhstan компаниясы аудит жүргізіп, өз қорытындысын берді.

Біз бұл сертификаттаудың не екенін және бізге не үшін қажет екенін түсіндіргіміз келеді?

ISO сертификаттау компанияда сапа менеджменті жүйесінің енгізілгенін және белгіленген халықаралық нормаларға сәйкес қолданылатынын растайды.

ISO 9001 халықаралық стандарты сапа менеджментінің клиентке бағыттаушылық, уәждеме және басшылықтың тартылуы, үдерістік тәсіл және тұрақты жетілдіру сияқты бірқатар принциптеріне негізделген. ISO 9001 қолдану клиенттеріміздің бізден сапалы қызметтерді тұрақты түрде алуына кепілдік береді, бұл өз кезегінде олардың бизнесі үшін пайдалы.

ISO 27001 – бұл ұйымның ақпараттық ресурстарын қорғау қабілетін арттыру үшін ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін құруға және дамытуға қойылатын талаптарды қамтитын халықаралық стандарт. ISO 27001 стандартында ақпараттық қауіпсіздікті басқару саласындағы үздік әлемдік тәжірибелердің сипаттамалары жинақталған.

— «Q Telecom» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – даму жөніндегі директоры Елена Юрко «Күрделі халықаралық аудиторлық компаниядан халықаралық сертификаттарды алу — біздің компаниямыздың және бүкіл командамыздың алғашқы үлкен жетістігі», – деп түсіндірді. – Басынан бастап біз компанияда жоғары стандарттарды қолдануға және қолдауға, қызметкерлердің тиімділігі мен жұмысымыздың өнімділігін арттыруға тырысамыз. Біздің команда өткен жылдың тамыз айында ISO 9001 және ISO 27001 енгізуге кірісті. Сапа менеджменті және ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін әзірлеу жарты жылға созылды. Қызметкерлердің жоғары деңгейде тартылуы мен қызығушылығының арқасында стандарттарды енгізу жедел әрі жемісті өтті.

СМЖ сертификаттаудан өту клиенттермен жұмыс істеуге қалай әсер ететіні туралы «Q Telecom» АҚ коммерциялық директоры:

— «ISO халықаралық сапа сертификаттарын алу біздің клиенттеріміз үшін бірқатар маңызды артықшылықтар береді: қызметті жақсарту, ұсынылатын қызметтерге кепілдік беру, қызметкерлердің тәртібін және олардың жұмыс процесі үшін жауапкершілігін арттыру, бұл біздің клиенттерімізге сапалы қызметтерді алу кезінде уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді»— деп айтты.

Енді әрбір мүдделі клиент TÜV Rheinland Kazakhstan қорытындысы бойынша берілген біздің сертификаттарымызбен таныса алады.

iso 9001 ru

iso 27001 ru

Задений фон

Сізге де пайдалы болуы мүмкін

Сізге де пайдалы болуы мүмкін

Байланыс көзі

«Q Telecom» акционерлік қоғамы
GPS метка Бас кеңсе: Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі, 18, «Мәскеу» БО
Жалпы мәселелер бойынша: Жаңа қосылу және клиенттерге қызмет көрсету мәселелері бойынша:
ТӨМЕНДЕГІ ФОРМАНЫ ӨТІНІМ ҚАЛДЫРУ ҮШІН ТОЛТЫРЫҢЫЗ
Атыңыз *
Телефон нөміріңіз *
Сіздің e-mail *
*-міндетті баған
Background
АО «Q Telecom» © 2023
Барлық құқықтар қорғалған