Қорғалған жеке / корпоративтік виртуалды желі. Кеңселер мен Компанияның құрылымдық бөлімшелері арасында бірыңғай IP желісін құру. Серіктес компаниялар желісін қала ішінде, облыс ішіндегі елді мекендерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және шетелде байланыстыру мүмкіндігі.
Технологияның артықшылықтары
- Қызмет деректерді беру желісі негізінде ұсынылады және қызметкерлердің компанияның ақпараттық қоймасына қорғалған жергілікті қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
- Аумақты барынша қамту (ҚР 150-ден астам елді мекендерінде).
- Деректер пакеттерін беру және өңдеудің жоғары жылдамдығы.
- Гетерогенді трафикті біріктіру (дауыс, деректер, бейне).
- Қоғамдық желілерден қисынды түрде бөлінген, трафик сырттан рұқсатсыз кіруден толық қорғалған.